Мазмұнға өту

Апеннин таулары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Үлгі:Geobox image
Apennine Mountains (Monti Appennini)
Range
Елдері Italy, San Marino
Highest point Corno Grande (Big Horn)
 - elevation Үлгі:Unit height
Length Үлгі:Unit length, northwest to southeast
Width Үлгі:Unit length, southwest to northeast
Geology Apennine fold and thrust belt
Period Mesozoic for formation of rock,
Neogene-Quaternary for orogeny
Relief Map of the Appennines
Relief Map of the Appennines
Relief Map of the Appennines

Апеннин тауларыИталиядағы Апеннин түбегінің жерін алып жатқан тау сілемі.

Солтүстік-батысында Альпімен жалғасады, оңт-шығысында Калабрия тауына дейін созылған. Ұзындығы Калабрия тауын қоса есептегенде Массина бұғазына дейін 1100 км. Шығыс беткейлері жадағай, батысы тік келеді. Ең биік тауы — Корно (2914 м). Апеннин таулары альпілік қатпарлану кезінде қалыптасқан, негізінен құмтас, саз және әктастан түзілген. Жер бедерінің қалыптасуына жанартаулық әрекеттер көп әсер еткен. Сөнбеген жанартаулар қатарына: Везувийді (1844 ж. атқылады) жатқызуға болады. Күшті жер сілкіну, тектоникалық қозғалыстар да қайталанып тұрады. Құрылыс материалдары, әшекей тастар, мәрмәр, қоңыр көмір, боксит кендері өндіріледі, минералды бұлақтар көптеп кездеседі. Қоңыр топырақты төменгі белдеулерде зәйтүн және жүзім ағаштары, биіктік тауларында мәңгі жасыл өсімдіктер, емендер, Жерорта теңізі қарағайы, альпілік белдемде жапырақты ормандар, құзды беткейлерде гарига өседі. Жері қоңыр топырақты.

Тевердегі бұлақ. Онда бүркіт кескінделген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]