Антропонимика
Антропонимика (көне грекше: ἄνθρωπος – адам, ὄνομα — ат, есім) — адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын — антропонимді зерттейтін ономастиканың тармағы. Антропонимика сонымен бірге әдеби шығармалардағы антропонимдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердің аттарын зерттейді. Антропонимика халықтық және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби және диалектілік, ресми және бейресми түрлерін ажыратып қарастырады. Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тән антропонимиконы (есімдер тізімі) қалыптасады.
Антропонимдердің жиынтығы антропонимия деп аталады.
Жеке адам есімдері басқа көптеген жеке атаулардай өздерінің дербестігімен ерекшеленеді: әр адамның жеке есімі бар. Есімдер тізілімі шектеулі. Жеке есімдер қайталап отыратындықтан, оларға қосымша атаулар беріледі.[1]
Дамыған қоғамда адамның ресми атауларының өзіндік жүйесі болады. Мәселен, антикалық Римдегі есімдердің тұрақты жүйесі мынадай: адамның жеке есімі + ру тегі + жалған аты + ататек есімі + қосымша аты.
Үнді елінде бүл жүйе 3 құрамнан тұрады: гороскоптық есімі, жыныстык немесе діни секталық есімі, касталық есімі. Мысалы, Рабиндранат Тагордың есімі: Рабиндра (Күн құдайы), Натх (еркек), Тхакур (жер иеленушілер қастасынан) құралымынан тұрған.
Антропономия есімге қатысты хабарларды: адамның қасиетін, әкесі, руы, отбасымен байланысы, ұлты, кәсібі, қай жерден шыққан т.б. зерттейді.
Теориялык антропономия белгілі этнос антропонимдерінің пайда болу, даму зандылыктарын, құрылымын, жүйесін, үлгілерін, тарихи қабаттарын, тілдердің антропонимиялық өзара байланысын қарастырады. Оның зерттеу әдістері ономастиканын басқа түрлеріндегідей (адам есімінін әлеуметгік сипаты, салт-әдет, дін мен моданын ықпалы т.б.).
Қолданбалы антропономия есімдерді нормаландыру мәселесін, есімдердін әртілде берілу тәсілдерін зерттейді. Антропонимиялық сөздіктер жасауға, азаматтық хал актілерін тіркеу (ЗАГС) орындарында ат тандауға, есімдердін даулы құқықтық мәселелерін шешуге көмектеседі. Антропонимия ономастикадан 20 ғасырдың 60—70 жылдарында бөлініп шықты, бірақ олардын бірқатар мәселелері бірге каралады. 60-жылдарға дейін "Антропонимия" термині орнына "ономастика" қолданылып келді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
- ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |