Альбер Клод
Альбер Клод | |
фр. Albert Claude | |
Туған күні |
23.08.1899. |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы |
бельгиялық және америкалық ғалым |
Ғылыми аясы | |
Марапаттары |
|
Альбер Клод (фр. Albert Claude; 23 тамыз 1899, Люксембург провинциясында (Бельгия) — 22 мамыр 1983, Брюссель) — бельгиялық және америкалық ғалым-биохимик.
Өмірге Бельгияда келген және сонда қайтыс болды. Льеж университетін 1928 жылы бітіріп, бір жыл Берлинде жұмыс істегеннен соң 20 жыл (1929—1950) АҚШ-та тұрды, өмірінің соңына дейін ек азаматтығы болды. Альбер Клод цитологияны — тірі жасушаның құрылымын сипаттау пәнінен нақты ғылымға айналдырды. Жасушаішілік құрылымдардың зерттеуде дифференциалды центрифугалау әдісін қолданғандар алғашқыларының бірі. Алғаш рет биологияны Электронды микроскопта пайдалана бастады. Ол жасуша элементтің ұяшықтағы құрылымы, орны мен функциясы арасындағы айқын байланысты көрсетті. Осылайша, ол митохондрияның тыныс алу функциясын тапты. Брюссель және Рокфеллер университеттерінің профессоры. Ол француз және бельгиялық медициналық академиялардың мүшесі және Америкалық Ғылым және өнер академиясы құрметті мүшесі.
Марапаттар және жад
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1970 жылы Луиза Гросс Хорвиц жүлдесін алды.
1974 жылы, «Жасушаның құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылу мәселелеріне қатысты ашылулары үшін» екі әріптесімен бірге (Георг Паладе және Кристиан де Дювпен) Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.
1987 жылғы Бельгиялық почта маркасында бейнеленген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Бұл — ғалым-биолог туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |