Мазмұнға өту

Қоғам

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Қоғам (айрық) деген бетті қараңыз.

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шекаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.[1]

Түсіндірме

Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

Әлеуметтік топтар, қатынастар

Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субъект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...

Қоғам және Саясат

Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін ұғымдар. Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның құрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.[2]

Қоғамның белгілері

Әлеуметтануда қоғамға түпкілікті анықтама беруге және оның маңызды белгілерін – оның өмірінің ең типтік, тұрақты және қайталанатын сәттерін бөліп көрсетуге бірнеше рет талпыныс жасалды. Сонымен, Эмиль Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің іргелі негізін ұжымдық сананың, адам эгоизмінің жойқын күшіне тосқауыл болатын ортақ ерік-жігердің болуының белгілерінен көреді. Роберт Мертон қоғам үшін ең бастысы – белгілі бір іргелі құндылықтардың болуы, соның арқасында әрбір жеке адам қоғамды сақтаудың негізі болып табылатын жалпы өмірлік нормаларды сақтауға бағытталғанына сенімді.

Нейл Смелсер адамдардың бірлестігі ретіндегі қоғамның айрықша белгілері ретінде географиялық шекаралардың, ортақ заңнамалық жүйенің және белгілі бір ұлттық жүйенің болуын анықтайды. (әлеуметтік-мәдени) сәйкестік. Американдық әлеуметтанушы Эдвард Шилс қоғамның негізін бүкіл аумақты бақылауды қамтамасыз ететін және жалпы мәдениетті сіңіретін мемлекеттік биліктің жұмыс істеуі сияқты сипаттама деп санайды.

Қазіргі әлеуметтану әдебиетінде қоғамға деген көзқарас адамдар арасында қалыптасқан әлеуметтік кеңістікте және уақытта бар әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің «шоғыры» ретінде белгіленді, олардың ең ортақ белгілері автономия, өзін-өзі жаңғырту, үлкен интеграциялық жүйе болып табылады. күші және өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі. Бұл көзқарас қоғамның келесі ерекше белгілерін көрсетеді.Қоғамның бірінші айрықша белгісі – адамдар өмірінің әлеуметтік сипатын, олардың қарым-қатынасы мен өзара әрекетінің әлеуметтік ерекшеліктерін білдіретін әлеуметтік қауымдастықтың болуы. Қоғамдастық қоғамнан бұрын тұрады, керісінше емес. Алайда, әлеуметтік қауымдастық кездейсоқ емес, оның табиғи субстратында – адамдардың органикалық қауымдастығы мен олардың туыстық байланыстары мен қатынастарында пайда болады. Қоғамның (әлеуметтік қауымдастықтың) табиғи негізін құрайтын бұл табиғи алғышарттар мен органикалық қарым-қатынастар ондағы әлеуметтік-органикалық типтегі қатынастарға – ерлі-зайыптылар мен балалар мен ата-аналар, ағалар мен апалар, басқа да туыстарға айналады.

Түрлері

Бос уақыт қоғамы

Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.

Молшылық қоғамы

Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен жеңілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.

Тәуекел қоғамы

Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептері бойынша).

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3