Мазмұнға өту

Скребнилер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Скребнилер, немесе Тікенбас құрттар
Corynosoma wegeneri тікенбас құрты
Corynosoma wegeneri тікенбас құрты
Ғылыми топтастырылуы
Домен

Эукариоттар

Патшалық

Жануарлар

Кіші класс

Platyzoa

Түр

Скребнилер

Халықаралық ғылыми атауы

Acanthocephala Kölr., 1771

Класстары

Уикитүрлердегі
жіктелуі
uselang=ru}}
[{{fullurl:commons:{{{Commons}}}|uselang=kk}} Ортаққордан
сурет іздеу]
ITIS  64238
NCBI  10232
EOL  2


Скребнилер немесе Тікенбас құрттар[1] (лат. Acanthocephala) — балықтардың, құстардың, сүтқоректілердің ащы ішегінде паразиттік тіршілік ететін тікенекбас құрттар; өзі аттас типтің жалғыз класы.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Corynosoma wegeneri тікенбас құрт аталығы құрылысының схемасы. 1 — бізтұмсық; 2 — лемнискилер, 3 — бізтұмсықты қынап, 4 — жүйке түйіні, 5 — лигамент, 6 — ұрық сақтайтын бөлімдер, 7 — цементтік без.

500-ден астам түрі бар. Дене тұрқы цилиндр не ұршық тәрізді, ұзындығы 1,5 мм-ден 40 мм-ге дейін, ал ірілері 65 см-дей болады. Денесі тұмсық пен тұлғадан тұрады. Тұмсығында бірнеше қатар, кері қайырылған ілмешектері бар. Осы ілмешектерімен иесінің ішегіне қадалып бекінеді. Денесінің сыртын жұқа кутикула қабаты жапқан, оның астында гиподерма қабаты болады. Гиподерманың қалың жерінде гликоген қоры жиналатын ірі ядролары орналасады. Скребнилерде алғашқы дене қуысы (схизоцель) жақсы дамыған. Иесінің ішегінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты ас қорыту жүйесі жойылған. Қорытылған қоректі дене жабыны арқылы сіңіреді. Жүйке жүйесі қарапайым. Ми ганглиясы тұмсық қынабына еніп жатады, одан жұқа жүйке талшықтары алға тұмсыққа қарай, екі бүйір жүйке бағанасы артқы бөліміне қарай бағытталған. Сезім мүшелерінен тек екі кішкене сезгіш бүртіктер бар. Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды. Зәр шығару жүйесі — протонефридиялы. Жыныс мүшелері жұп болады.

Паразиттың дамуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Moniliformis moniliformis тікенбас құртының тіршілік кезеңі схемасы. Нормада түпкілікті қожайыны ретінде кеміргіштер саналады, алайда адам аралық қожайынды - жəндікті жесе, ол оны өзіне жұқтырып алуы мүмкін

Дамуы әдетте метаморфозбен және иесін алмастыру жолымен өтеді. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, одан әрі даму үшін аралық иесінің денесіне түседі. Аралық иесі - моллюскілер, шаян тәріздестер, бунақденелілер. Аралық иесінің ішегіне түскен жұмыртқадан дернәсіл дамиды. Ол ішекті тесіп, дене қуысына өтіп, сол жерде ересек түрге айналады. Осындай метаморфоздан кейін скребнидің тұмсығы тұмсық қынабына тартылып, денесі дөңгелектеніп, сырты қабыршақпен оранып, капсулаға айналады. Осы күйінде көп жылдар бойы тіршілігін жоймайды. Мұның ақырғы күйіндегі личинкасы - акантелла омыртқалы жануарлар организміне түскенде тез өседі, дамиді.

Паразиттың зияны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Скребни мал, балық және құс шаруашылығына үлкен зиян келтіріп, олардың өнімділігін азайтады. Жануарларда акантоцефалез ауруын тудырады. Кейде адамның ішегінде де паразиттік тіршілік етеді. Балықты помфоринхоз, эхиноринхоз, үйректі полиморфоз, филиколлез, шошқаны макраканторинхоз сияқты қауіпті ауруларға шалдықтырады. [2]

  • Palaeacanthocephala.
  • Archіacanthocephala[3]

[4].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ совет энциклопедиясы. 256 б.
  2. Қазақ совет энциклопедиясы. 256 б.
  3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  4. Дәуітбаева К.Ә., Омыртқасыздар зоологиясы, 1-кітап, А., 2004.