Сент-Китс және Невис
Сент-Китс және Невис Федерациясы (ағылш. Federation of Saint Kitts and Nevis, [seɪnt ˌkɪts ænd ˈniːvɪs] тыңдау), сонымен қатар Сент-Кристофер және Невис федерациясы (ағылш. Federation of Saint Christopher and Nevis) — Кариб бассейніндегі Сент-Киттс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет, Кариб теңізінің ең кіші мемлекеті.
Мемлекет аумағы — 261 км². Халқының саны — 50 мың адамды құрайды (2010). Елордасы Сент-Китс аралында орналасқан Бастер қаласы. Сент-Киттс және Невис мемлекеті батыс жарымшардағы аумағы бойынша да, халқының саны бойынша да ең кіші мемлекет есептеледі. Ұлыбритания монархы басқаратын Ұлттар Достастығы мүшесі. Астанасы — Бастер қаласы. Халқы 40 мыңға жуық (2000), 86%-ын жергілікті тұрғындар (негізінен африкалықтар), қалғандарын еуропалықтар құрайды. Ресми тілі — ағылшын тілі. Тұрғындары негізінен протестанттар. Сент-Китс және Невис — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент). Ұлттық мейрамы — Ұлт күні — 19 қыркүйек (1983). Ақша бірлігі — шығыс кариб доллары. Сент-Китс және Невис БҰҰ-ның (1983), Америка мемлекеттері ұйымының (1984) мүшесі.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сент-Киттс және Невис жері негізінен таулы вулканды болып келеді. Климаты тропикалық пассатты. Ең биік нүктесі (1155 м) — Сент-Китс аралында. Айлық орташа температура 18 — 24С, жауын-шашын мөлшері 700 — 1200 мм. Таулардың аңғарларын қант құрағы мен мақта плантациялары алып жатыр. Ал жоғары бөліктері — таулы тропикалық орман жамылғысы. Ел аумағы жануарлар дүниесіне кедей. Сент-Киттс және Невисті 1493 ж. Х.Колумб ашты. 1623 жылға дейін Испанияның отары болды. 1623 ж. ағылшындардың, 1627 ж. француздардың қарамағына өтті. 17 — 18 ғасырларда Ұлыбритания мен Франция аралығындағы даулы аймаққа айналып, 1783 ж. ағылшындардың отарына айналды. 1958 — 62 ж. Вест — Үнді федерациясының құрамына кірді. 1967 ж. ақпанда Ұлыбритания қарамағындағы өзіндік басқару құқығына ие болып, 1983 ж. тәуелсіз мемлекетке айналды.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Экономиканың басты саласы — ауыл шаруашылық қант құрағы, мақта, кокос пальмасы, күріш, ямс және банан өсіріледі. Балық шаруашылығы, сондай-ақ туризм дамыған. Тұз өндіріледі. Елдің ішкі сұранысын қанағаттандыру мақсатында азық-түлік тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ-киім, дәрі-дәрмек, т.б. шығарылады. Елде қант з-ты жұмыс істейді. Сыртқа қант құрағын, мақта және кокос майын, электроника, мақта шығарады. Импортының негізін құрал-жабдықтар мен мұнай өнімдері құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 7730 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Кариб бассейні елдері, АҚШ.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ https://www.imf.org/external/pubs/ft/weo/2019/01/weodata/weorept.aspx?pr.x=54&pr.y=18&sy=2017&ey=2024&scsm=1&ssd=1&sort=country&ds=.&br=1&c=361&s=NGDPD%2CPPPGDP%2CNGDPDPC%2CPPPPC&grp=0&a=
- ↑ https://www.imf.org/external/pubs/ft/weo/2019/01/weodata/weorept.aspx?pr.x=54&pr.y=18&sy=2017&ey=2024&scsm=1&ssd=1&sort=country&ds=.&br=1&c=361&s=NGDPD%2CPPPGDP%2CNGDPDPC%2CPPPPC&grp=0&a=
- ↑ 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|