Мазмұнға өту

Профессор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Профессор (лат. professor – оқытушы, мұғалім) – жоғары оқу орны оқытушысының, ғылыми мекеме қызметкерінің ғылыми атағы, қызмет лауазымы. Рим империясында (б.з.б. 1 ғ. – б.з. 5 ғ. соңы) алғаш рет қолданылған.Алғаш рет Рим империясында оқытушы, ұстаздарды Профессор деп атаған. Орта ғасырда магистрдің, ғылыми докторының баламасы ретінде қолданылған. Ресейде ғылыми атақ ретінде 17–18 ғасырларда беріле бастады. Бүгінде Профессор атағы жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердің ғылыми кеңестерінің ұсынысы бойынша беріледі. Елімізде мемлекеттік аттестаттау органы, шетелдерде жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі, оқу министрлігі, үкімет орындары береді. Профессор оқу-әдістемелік жұмыстарды, ғылыми зерттеулерді, лекциялық курстарды жүргізеді. Кейбір елдерде орта мектеп мұғалімдерін де Профессор дейді.