Мазмұнға өту

Оргазм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«Ессіз қуану» (1894) — Владислав Подковински

Оргазм (көне грекше: ὀργάω сөзінен шыққан көне грекше: ὀργασμός — құштарлықпен жалындаймын) — мықты рақаттану, тоят алғандық сезіммен сипатталатын сексуалды қозудың аяқталуы, кульминациясы.

Эрогенді зоналардың, әдетте жыныстық мүшелердің вагиналды жыныстық акт, оралды немесе аналды секс, мастурбация, серіктестің қолымен, тілімен эрогенді зоналардың қоздырудың немесе сексуалды белсенділіктің басқа та түрлері кезіндегі стимуляциясының нәтижесінде орын алады. Әйел адамдардағы клиторлы оргазм клитордың стимуляциясы арқылы болады (клитор әдеттегіде сыртқы қоздырушылардын жыныстық еріндермен қорғалған). Оргазмның ұйқы кезінде келуі мүмкін; ер адамдарды бұл эякуляциямен бірге болады да, поллюция деп аталады. Сонымен қатар ер адамдарда ұрық шашу қатты қозудың кесірінен, жыныстық мүшеге тимей ақ болуы мүмкін.

Оргазм — адамның жыныстық жауабының циклындағы үшінші және ең соңғы өзгерістер фазасы.

Оргазм және жыныстық белсенділік, жалпы алғанда — бұл организмнің көптеген негізгі жүйелерінің ширығуын талап ете алады. 1997 жылы 45-59 жастағы 918 ер кісінің қатысуымен BMJ -да жүргізілген зерттеу көрсеткендей, он жылдық бақылаудан кейін кем оргазм алған ер кісілер аптасына екі немесе үш рет оргазм алған ер кісілерге қарағанда, кез келген себеп бойыша екі есе жиі қайтыс болған.[1] 2001 жылы жүргізілген және жүрек-қантамыр жүйесінің саулығына арналған кейінгі зерттеулер көрсеткендей, жыныстық қатынаспен аптасына үш немесе одан көп рет шұғылдану жүрек талмасы мен инсульт қаупін 50%-ға төмендетеді.

Кейде сирек кездессе де, оргазм кезіндегі бас ауруы жыныстық қатынас кезінде бас айналуды тудыруы мүмкін. Оргазмдік бас айналудың нақты себебі анық емес, бірақ мамандар бұл тамыр соғу жиілігі мен қан қысымының жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін деп санайды. Тыныштық жағдайында жүрек жиырылысы жиілігінің жоғары өзгергіштігі клиторды бір мезгілде қосымша ынталандырмай, пенильдік-қынаптық жыныстық қатынас нәтижесінде оргазммен байланысты екенін көрсететін кейбір зерттеулер бар.[2]

Ерлердің кішігірім пайызы бүкіл денеде бұлшықеттің қатты ауыруын және эякуляциядан кейін бірден басқа симптомдарды тудыратын посторгазмдік ауру синдромы (POIS) деп ааталатын аурудан зардап шегеді. Симптомдар бір аптаға дейін созылады. Кейбір дәрігерлер POIS жиілігі «популяцияда академиялық әдебиетте айтылатын жиіліктен жоғары болуы мүмкін» және POIS-ке шалдыққан көпшілік адамдар диагностикаланбаған деп болжайды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Sex and death: are they related? Findings from the Caerphilly Cohort Study.. ncbi.nlm.nih.gov. Тексерілді, 3 наурыз 2023.
  2. Does the Vaginal Orgasm Exist? Experts Debate. livescience.com. Тексерілді, 3 наурыз 2023.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Orgasms