Мазмұнға өту

Каста

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Каста - әлеуметтік тұрғыда: қоғамдық өмірдің едәуір күрделі құбылысы, оны барынша "оқшаулық өлшемдеріне құрылған қатаң иерархиялық қоғамдық бөлінудің" мінсіз типін іздеушілер тым қарабайландырып жіберді. Макс Вебердің еңбектерінде бұл термин мәртебеге қарай этностық бөлінудің синонимі ретінде пайдаланылып, мәртебелік бөлінуді коммерциялық топтар мен базарға қарама-қарсы қоятын континуумның екінші шетінде тұрды. Тегінде, Андре Бетеиль берген анықтама неғұрлым түсініліктілеу секілді, ол кастаны "энтогамдық, тектік табандық және ерекше өмір салты және болатын, кейде дәстүрлі кәсіптік бағдарды көздейтін, әдетте тазалық пен кірқожалықтық ұғымдарына негізделген иерархиялық жүйедегі белгілі бір азды-көпті ритуалдық статуспен байланысты шағын және анық қобайланған адамдар тобы" деп бейнелейді ("Caste, class and power", 1965). Касталық тәртіп Үндістан индустарының өмірін айқындайды және варнаның: брахмандар, кшатрилар, вайшья, шудра және жоламайтындар деп аталатын бес бөлімшесіне негізделеді. Әрбір варнаның ішінде бір кәсіппен ғана айналысатын, бір немесе бірнеше ауылды мекендейтін толып жатқан джатилар болады. Олар әлеуметтік жағдайы тумысына қарай айқындалатын қоғамда азын-аулақ әлеуметтік сырғымалыққа мүмкіндік береді. Касталардың арасындағы және оның ішіндегі басты бөлуші шек ықыластық ережелері көмегімен жүреді. Олар ас дайындап ішудің, некеге түрудың қауымдық және жалпы әлеуметтік ықпалдастықтың кез келген пошымына қатысты болады. Каста деген терминді АҚШ-тағы ақ нәсілдер мен қара нәсілдер арасындағы шекті нобайлауға пайдаланатын авторлар жөнінде қолданылатын лақап. Мұндай неғұрлым жарияланымдар - У. Ллойт Уорнердің "Американдық каста мен тап" атты еңбегі. Саяси тұрғыда: Үнді діни көзқарастары мен рәсімдері арқылы өзара байланысты адамдар топтары. Алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі 200-жылдар мен біздің дәуіріміздегі 200-жылдар аралығында Ману заңдарында тұжырымдалған каста жүйесі кең мағынасында функциялық қызмет атқарады. Касталық негізгі төрт топ (varnas) атқаратын әлеуметтік қызметіне қарай ажыратылатын. Брахмандар (Brahmins) - білім беру, ағарту ісімен, кшатрия (kshatriyas) - өндірістік және әскери іспен, вайшия (vaishyas) - саудамен, шудра (shudras) - қоқыс жинаумен бай¬ланысты. Касталар кіші кастаға <jatis) бөлінеді, бұл бөлініс күнделікті өмірде өте маңызды Джати арасынан biradari (пірадарлар) - касталық ерекшеліктерді сақтайтын ерекше әлеуметтік мәдени қызмет адамдары бөлінетін болған. Касталар Үндістанның саяси жүйесіндегі маңызды факторға айналды, бұл бұрын¬ғы алалау саясатының салдарынан туған құбылыс. Отарлық дәуірден кейін мемлекет осы алалауды жоюға ұмтылып келеді. Мәселен, Үндістан Конституциясындағы тоғызыншы қосымшаға сәйкес, жоспарланған касталар деп аталатын төменгі касталар өкілдеріне білім беру саласы мен сайланатын қызметтердің 22,5 % орын бөлінеді. Мандал комиссиясының ұсынысына (1971) сәйкес 1990 жылы бұл үлесті 49,5%-ға дейін өсіру әрекеті жасалды. Бірақ бұл ауқымды қарсылық туғызып, Вишванат Пратап Сингх үкіметін орнынан кетуге мәжбүр етті.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3