Мазмұнға өту

Жыныстық акт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жыныстық акт (коитус, пенетрация) жыныстық қатынасқа дәстүрлі көзқарасты қауымда — екі адамның жыныстық қажеттіліктерін өтеу үшін немесе ұрпақты жалғастыру үшін жыныстық қатынас мүшелері арқылы жыныстық қатынасқа түсуі.

Қазіргі таңда жыныстық акт ретінде тек қана вагиналды акт емес, жыныстық мүше серіктестің (әйел немесе ер) вагинасына емес, анусына енгізілетін жыныстық қатынастың аналды түрі де аталады. Сонымен, гетеросексуалды да, гомосексуалды коитус туралы айтуға болады.

Адамның жыныстық акті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Адамның жыныстық жауабы оргазмға алып келетін және оған ілесетін физиологиялық және эмоционалдық өзгерістердің үйлесімін білдіреді. Бұндай өзгерістер индивид жыныстық қозуды алуы мен жыныстық стимуляцияға қатысуына байланысты бірте-бірте орын алады. Жыныстық акт адамның жыныстық жауабының циклындағы (орыс.)қазақ. орталық орынды алады.

Гетеросексуалды (ер мен әйел арасында) жыныстық акт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гетеросексуалды жыныстық акт ретінде әдеттегіде вагиналды секс акты түсініледі. Ол серіктестердің бір-бірін аймалауы, эрогенді зоналарды қоздыру, мастурбация, иррумация және т.б., сонымен қоса оралды және аналды секс секілді сексуалды белсенділігінің басқа да формаларымен бірге жүруі мүмкін. Вагиналды секстің және жыныстық белсенділіктің басқа да формаларының ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін. Вагиналды секс немесе жыныстық белсенділіктің басқа да түрлерін орындау кезінде серіктестердің екеуінде немесе біреуінде оргазм болуы мүмкін.

Гомосексуалды жыныстық акт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гомосексуалды жыныстық акт деп бір жынысты серіктестер арасында болатын жыныстық актіні атайды. Екі серіктес арасында болатын оралды немесе аналды секс және сексуалды белсенділіктің басқа түрлері кезінде екі серіктесте немесе біреуінде оргазм болуы мүмкін.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]