Германия Ұлттық футбол құрамасы: Нұсқалар арасындағы айырмашылық
Өңдеу түйіні жоқ Тег: тесттік өңдеме Мобильді құрылғы Мобильді нұсқа |
|||
13-жол: | 13-жол: | ||
| ФИФА min = 22 <small>(наурыз 2006)</small> |
| ФИФА min = 22 <small>(наурыз 2006)</small> |
||
| Үй стадионы = |
| Үй стадионы = |
||
| ФИФА рейтингі = |
| ФИФА рейтингі = 13 {{өсім}} <small>(18.07.2024)</small> |
||
| ФИФА коды = GER |
| ФИФА коды = GER |
||
| pattern_la1 = _ger20h |
| pattern_la1 = _ger20h |
15:48, 2024 ж. шілденің 25 кезіндегі соңғы нұсқа
Германия Ұлттық футбол құрамасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аты |
Die Mannschaft (Команда), Nationalelf (Үлттық он бір), Adler (Қырандар), Bundesteam (Бундестим), Deutsche Maschine (Неміс машинасы) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Конфедерация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Федерация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бас бапкері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Менеджері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Капитаны | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ең көп ойын саны |
Лотар Маттеус (150) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үздік бомбардир |
Мирослав Клозе (71) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ФИФА рейтингі |
13 ▲ (18.07.2024) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоғарғы көрсеткіш |
1 (желтоқсан 1992 — тамыз 1993, желтоқсан 1993 — наурыз 1994, маусым 1994, шілде 2014 — маусым 2015, шілде 2017, қыркүйек 2017 — маусым 2018) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Төменгі көрсеткіш |
22 (наурыз 2006) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ФИФА коды |
GER | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Формасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бірінші ойын | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ең ірі жеңіс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Германия 16:0 Ресей империясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ең ірі жеңіліс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлем чемпионаты | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатысу |
19 (бірінші 1934) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістіктері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Еуропа чемпионаты | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатысу |
13 (бірінші 1972) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістіктері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Медальдары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Футболдан Германияның Ұлттық Құрамасы (нем. Die deutsche Fußballnationalmannschaft) — Германияның атынан 1908 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келе жатқан команда. Ерлер құрамасы әлемнің төрт дүркін, әрі Еуропаның үш дүркін чемпионы атанып, қазіргі кезде әлемнің ең мықты және ең сәтті командаларының бірі саналады. Құраманы басқарушы ұйым - Германия Футбол Одағы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрама тарихы 1899 жылдан басталады. 1945 жылға дейін түрліше аталды: 1918-33 жылдары Веймар Ұлттық футбол құрамасы, 1933-45 жылдары Үшінші Рейх Ұлттық құрамасы. Шынайы атаулары осылай өзгергенімен, әлемдік БАҚ өкілдері тек "Германия құрамасы" деп қана атады. Соғысқа дейінгі аралықта құрама оншалық жарқыраған жоқ. 1942 жылы құрама ФИФА мүшелігінен шеттетілді. Соғыстан соң Германия екіге бөлінді, бұған дейінгі Германия құрамасының негізгі мұрагері ретінде ГФР немесе Батыс Германия құрамасы танылды. Ал ГДР құрамасы өз алдарына жаңа тарихын бастады.
Неміс футбол одағы 1952 жылы құрылды, сол себепті ГФР құрамасы 1950 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді. 1954 жылы құрама соғыстан кейін тұңғыш рет әлемдік додаға қатысты. Оларды чемпион атанады деп ешкім күтпеді, себебі, топтық турнирде сол кезеңнің ең күшті командасы Мажарстаннан 3:8 есебімен ойсырай ұтылған-ды. Алайда Мажарстанмен финалда қайта жолыққан немістер бастапқы 8 минутта екі гол жіберіп алғанымен, матч біткенше үш гол соғып, тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл табыс Германия құрамасының болашақтағы толассыз жетістіктерінің бастамасы боп саналды.
1964 жылы құраманы 28 жыл бойы баптаған Зепп Гербергердің орнына келген Хельмут Шён тіпті табысты болды. Құрама 1966 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде, төрт жылдан соң қола жүлдені иеленді. 1972 жылы финалда 3:0 есебімен КСРО-ны ұтып Еуропа чемпионы атанды. 1974 жылы өз елдерінде өткен әлем чемпионатында ешкімге дес бермей, алтын алқаны өздері тақты. 1976, 1980 жылдары өткен Еуропа чемпионатында тағы да финалға шықты, әуелгісінде Чехословакия шабуылшысы Антонин Паненканың қитұрқы пенальтиі бұларды қапы қалдырса, соңғысында Бельгияны 2:1 есебімен ұтып Еуропада екінші рет топ жарды.
Жетпісінші жылдары құрама тек бір ғана ірі турнирде жүлдесіз қалды, 1978 жылы Аргентинада өткен әлем чемпионатында екінші топтық турнирде Нидерланды мен Италия оздырып, үшінші орында қалып қойды.
Сексенінші жылдары да табыссыз қалмады, қатарынан үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты - 1982, 1986, 1990. 1982 жылы финалда Италиядан ұтылды да, Юпп Дерваль командадан кетіп, орнына Франц Беккенбауэр келді. Беккенбауэр дәуірінде құрама 1990 жылы чемпион атанды.
Келесі чемпиондықты Германия халқы 24 жыл күтті. 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында финалда Аргентинаны 1:0 есебімен ұтып, алтын жүлдені олжалады. Арада бір жыл өткен соң Ресейдегі Конфедерациялар кубогында кліең жастардан құралған ұжыммен ойнаса да бұларға тең келер қарсылас табылмады. Германия бұл жолы да топ жарды.
2018 жылғы әлем чемпионатында күтпеген жерде топтан шыға алмады.
Жаттықтырушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жаттықтырушы | Жұмыс уақыты | О | Ұ | Т | Ж |
---|---|---|---|---|---|
АФГ Комитетi | 1908—1927 | 63 | 18 | 13 | 32 |
Отто Нерц | 31 қазан 1928 — 17 қазан 1936 | 70 | 42 | 10 | 18 |
Зепп Хербергер | 15 қараша 1936—7 маусым 1964 | 162 | 92 | 26 | 44 |
Хельмут Шён | 4 қараша 1964—21 маусым 1978 | 139 | 87 | 30 | 22 |
Юпп Дерваль | 11 қазан 1978— 20 маусым 1984 | 67 | 45 | 11 | 11 |
Франц Беккенбауэр | 12 қыркүйек 1984— 8 шілде 1990 | 66 | 36 | 17 | 13 |
Берти Фогтс | 29 тамыз 1990—5 қыркүйек 1998 | 102 | 67 | 23 | 12 |
Эрих Риббек | 10 қазан 1998—20 маусым 2000 | 24 | 10 | 6 | 8 |
Руди Фёллер | 16 тамыз 2000— 23 маусым 2004 | 53 | 29 | 11 | 13 |
Юрген Клинсманн | 18 тамыз 2004—23 маусым 2006 | 25 | 14 | 6 | 5 |
Йоахим Лёв | 16 тамыз 2006—29 маусым 2021 | 198 | 124 | 40 | 34 |
Ханс-Дитер Флик | 2 қыркүйек 2021-10 қыркүйек 2023 | 25 | 12 | 7 | 6 |
Руди Фёллер | 12 қыркүйек 2023 | 1 | 1 | 0 | 0 |
Юлиан Нагельсман | 14 қазан 2023 - | 6 | 3 | 1 | 2 |
Барлығы: | 771 | 440 | 153 | 178 |
Әлем чемпионаттарында гол соққан футболшылар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1954—1990 жылдары ГФР деген атпен ойнаған
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Төрт дүркін әлем чемпионы: 1954, 1974, 1990, 2014
- Төрт дүркін әлемнің күміс жүлдегері: 1966, 1982, 1986, 2002
- Әлемнің қола жүлдегері: 1934, 1970, 2006, 2010
- Үш дүркін Еуропа чемпионы: 1972, 1980, 1996
- Үш дүркін Еуропа күміс жүлдегері: 1976, 1992, 2008
- Еуропаның қола жүлдегері: 1988, 2012, 2016
- Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2017
- Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2005
Рекордтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әлем чемпионаттарында ең көп финалда ойнаған құрама: 8 рет
- Әлем чемпионатының ең үздік мергені Мирослав Клозе Германия футболшысы (16 гол)
- Әлем чемпионаттарында ең көп матч өткізген Лотар Маттеус Германия құрамасының футболшысы (25 матч)
- Еуропа чемпионатында Испаниямен бірге ең көп чемпион атанған құрама: 3 реттен
- Еуропа чемпионатында ең көп финалға шыққан құрама: 6 рет.
Әнұран
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әнұран — «Schwarz und Weiss»[2]. Әнұраның авторы - Оливер Похер
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ЕВРО 2024
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрамы | № | Ойыншы | Жасы | Клубы |
---|---|---|---|---|
Қақпашылар | 1 | Мануэль Нойер | 38 | Бавария |
12 | Оливер Бауманн | 34 | Хоффенхайм | |
22 | Марк-Андре тер Стеген | 32 | Барселона | |
Қорғаушылар | 2 | Антонио Рюдигер | 31 | Реал Мадрид |
3 | Давид Раум | 26 | РБ Лейпциг | |
4 | Джонатан Та | 28 | Байер 04 | |
6 | Йосуа Киммих | 29 | Бавария | |
15 | Нико Шлоттербек | 24 | Боруссия Дортмунд | |
16 | Вальдемар Антон | 27 | Штутгарт | |
18 | Максимилиан Миттельштедт | 27 | Аугсбург | |
20 | Беньямин Хенрихс | 27 | РБ Лейпциг | |
24 | Робин Кох | 27 | Брентфорд | |
Жартылай қорғаушылар | 5 | Паскаль Гросс | 33 | Брайтон энд Хоув Альбион |
8 | Тони Кроос | 34 | Реал Мадрид | |
10 | Джамал Мусиала | 21 | Бавария | |
11 | Крис Фюрих | 26 | Штутгарт | |
17 | Флориан Вирц | 21 | Байер 04 | |
19 | Лерой Сане | 28 | Бавария | |
21 | Илкай Гюндоган (K) | 33 | Барселона | |
23 | Роберт Андрих | 29 | Байер 04 | |
25 | Эмре Джан | 30 | Боруссия Дортмунд | |
Шабуылшылар | 7 | Кай Хаверц | 25 | Арсенал |
9 | Никлас Фюллькруг | 31 | Вердер Бремен | |
13 | Томас Мюллер | 34 | Бавария | |
14 | Максимилиан Байер | 21 | Хоффенхайм | |
26 | Дениз Ундав | 27 | Брайтон энд Хоув Альбион | |
Бапкер | Юлиан Нагельсманн |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ All matches of The National Team in 1908. DFB. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 қазан 2012. Тексерілді, 1 тамыз 2008.
- ↑ Оливер Похер жеке беттi
|
|